Автосалондарда былық көп екен

13.11.2017
Қаралды: 717

Салоннан несиеге көлік алып жатырмын. Әрине, байлығым асып, ақшамның тасып бара жатқанынан емес. Күнделікті тұрмыс-тіршілікке қажет болған соң аласың да...

Жарнамада 10 – 15 минутта көлікті боласыз дегенге сеніп жүрсем, шындығында кемі он бес тәуліксіз бітпейтін сияқты. Оны да қойшы, банк пен автосалон бірігіп алып халықты қанағаны аздай, ойларына келгенін істегісі келеді: айтатындары өтірік, сылтаулары қисынсыз. Алдына келгенді ақымақ көреді-ау. Клиентке жағдай жасауы өте төмен. 5 – 7 жылда екі есе пайда табатын банк пен автосалон сол пайдасына татитын қызмет көрсетсе дейсің ғой. Бұлардың көзіне шел бітіп, әбден тойынғаннан не істерін білмей жүрген секілді. Автосалоннан гөрі базардан әлдеқайда тез, әрі жеңіл алады екенсің. Моральдық шығын келтіріп жатқаны жаныма батып барады.

Келісім-шартта айнысаң, төленген алғашқы жарнаңның 45 пайызын ұстап қаламыз дегені бар еді. Алғашқы екпінде айнымастай болған соң қол қойған едім. Заңсыздықтар екі әрекеттің бірінде көзіңе бадырайып көрініп, құлағыңа түрпідей тиіп тұр. (Керек болса, дәлелдеп бере аламын).

 Азды-көпті журналистік тәжірибеміз бар бізге осылай еткенде ауылдан келген ағайынға бұлар көресіні көрсететіні түсінікті. Отандық өнім деп өзім жетекшілік еткен редакцияда талай насихаттаған көліктің жай-күйі нақты істе басқаша екен. Мемлекеттік жеңілдікпен 4 пайыздық несие беру туралы ақпарат беттерінде айтылып, атойлап жатқанымен іс жүзінде ол да түсініксіз.

Қысқасы, автосалондарда былық көп. Бұған кім жауап береді?

Әзірше автосалон мен банктің атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Заңгерлер бірлесемін десе, аяғына дейін күресуге бел шешіп отырмын.

Пікір білдірсеңіздер, көрген-білгендеріңізді айтсаңыздар екен. Қашан­ғы халық қаналуы тиіс?

Еділ АНЫҚБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ