Сот төрағалары ауысты

07.11.2017
Қаралды: 1022

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы соттар мен сот коллегиялары төрағаларын, судьяларды қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлығына сәйкес, облысымыздың бірқатар соттарында кадрлық ауыс-түйістер орын алды.

Шымкенттегі әл-Фараби аудандық сотының төрағасы қызметіне Нұркен Жақыпұлы Жексембиев таға­йындалды. Н.Жексембиев бұған дейін Алматы қаласындағы №2 Алмалы аудандық сотында судья болған.

Шымкенттің Еңбекші аудандық сотының төрағасы қызметін осыған дейін Түлкібас аудандық сотының төрағасы болып келген Айдос Едігеұлы Сұлтанов атқаратын болды.

Сондай-ақ Қазығұрт аудандық сотының төрағасы ауысты. Бұл қызметке Ілияс Жұмабекұлы Тоғызбаев тағайындалды. І.Тоғызбаев бұған дейін Сарыағаш аудандық №2 сотының судьясы болған.

Осыған дейін Ақмола облысының Қорғалжың аудандық сотын басқарып келген Халима Орынбай­қызы Кембаева Түлкібас аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

...Шымкент қаласындағы әл-Фараби аудандық сотының төрағасы болып келген Маратәлі Бекназаров Алматы облыстық сотына судья болып ауысты. Қаланың Еңбекші аудандық сотын басқарған Низамиддин Жамашев те Алматы жақтағы бір сотқа төраға болып бекітілгенін естідік. Ал бұған дейін Қазығұрт аудандық сотының төрағасы болып келген Қанатбек Қоңырбаев облыстық кәмелетке толмағандардың істері жө­ніндегі ауданаралық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!