Рахмет Бектаев – басқарма басшысы

07.11.2017
Қаралды: 928

Оңтүстік Қазақстан облыс­тық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы ауысты. Бұл қызметке Рахмет  Бектаев таға­йын­далды.

Рахмет Әбдікәрімұлы Бектаев 1965-жылы өмірге келген. Мамандығы бойынша – инженер-құрылысшы, заңгер. Еңбек жолын құрылыс саласында қатардағы жұмысшы болып бастаған. 1990 – 1991-жылдары Қазақ химия-технология институтында инженер болған. Кейін ішкі істер және қаржы полициясы органдарында, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясында, «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясында, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау департаментінде жауапты қызметтер атқарған.

2016-жылғы желтоқсан айы­нан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мем­лекеттік сәулет-құрылыс бақылауы бас­қармасы басшысының орынбасары болып келді.

Біз облыстық әкімдік тарапынан үлкен сенім артылып, жауапты қызметке тағайын­дал­ған Рахмет Әбдікә­рім­ұлына құтты болсын айта отырып, оның абырой биігі­нен көріне беруіне тілектес­тігімізді білдіреміз.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!