«Ерлік» мұражайы ұйымдастырған ерекше оқиға

01.11.2017
Қаралды: 827

Кешегі сәрсенбі күні Шымкент қаласындағы облыстық «Ерлік» мұражайы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  «Сәрсенбілік сырласу сағаты» атты іс-шара болып өтті. 

Сырласу сағатының бұл күнгі қонағы – Оңтүстік Қазақстан облысының және Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті журналисі Байдулла Қонысбек ағамыз болды.

Іс-шара тақырыбы «Бұқаралық ақпарат құралдары және патриот­тық тәрбие» деп аталды. Сырласу сағатына негізгі кейіпкердің қатарластары, сыйлас-сырлас замандастары, әріптестері, сондай-ақ жас буын өкіл­дері қатысты.

Бұл кездесуді өткізуге «Ерлік» мұ­ра­жайының ұжымы жан-жақты әрі жоғары дәрежеде да­йындалған екен. Іс-шараның өту барысы көпшіліктің көңі­лінен шықты.

Сәрсенбілік сырласу сағатының кейіпкері болған Байдулла Қонысбек мырза жинал­ған қауымға ой саларлық көптеген әңгіме-естеліктерін айтты, бүгінгі заманға қатысты өз көзқарасын ортаға салды. Кездесуді белгілі жазушы, Байдулла ағаның үзеңгілес іні-досы Мархабат Байғұт жүргізіп отырды.

Іс-шара соңында Байдулла Қонысбек ағамыз қаладағы дәмханаларының бірінде қонақтар үшін дастархан жа­йып, ата-бабаларының әруағына бағыштап ас берді.

Қысқасы, бұл күн есте қаларлық елеулі оқиғасымен ерек­шеленді.

«Замананың» тілшісі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!