Ержан Бердібеков – облыс прокурорының бірінші орынбасары

18.10.2017
Қаралды: 181

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Ержан Бердібеков Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ержан Сәкенұлы Бер­дібеков 1975-жылы облысымыздың Шардара ауданында дүниеге келген. Ол Қазақ Мемлекеттік Ұлттық уни­верситетінің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын Ақтау қалалық прокуратурасында бастаған, Маңғыстау облыстық прокуратурасында жауапты қызметтер атқарған, Қарақия ауданының прокуроры болған. Кейін облыс прокуратурасының басқарма бастығы, облыс прокурорының орынбасары болды. ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі, Астана қаласындағы Сарыарқа ауданының прокуроры, Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!