Орынбасар Тастанов – Әділет департаментінің бастығы

18.10.2017
Қаралды: 162

Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментін 2011-жылдан бері басқарып келген Ерлан Дауылбаевтың өткен маусым айында Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің бастығы болып ауысқаны белгілі. 

Таяуда Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің бастығы қызметіне Орынбасар Тастанов тағайындалды.

Орынбасар Зайдінұлы Тастанов 1975-жылы Шымкенттің іргесіндегі Ақтас ауылында өмірге келген. Ол Қарағанды Мемлекеттік университетін бітірген. 2004 – 2008-жылдар аралығында облыстық спорт департаментінде еңбек еткен. Кейін Сары­ағаш аудандық әділет басқармасы бастығының орынбасары, бөлім бастығы болған. 2012 – 2017-жылдары облыстық әділет департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2017-жылдың маусым айынан бері ҚР Әділет министрлігі тіркеу департаменті директорының орынбасары болып келді.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!