Парақорларды жексенбі күні стадионда дарға асу керек

18.10.2017
Қаралды: 1686

«Замананың» таяудағы нөмірлерінің бірінде сайрамдық Айдарбек Қыдырбекұлының «Қара бастың қамын күйттемей, халықтың да жайын ойлаңдар» деген тақырыпта жарияланған мақаласын оқыған едім.

 Автор­дың айтқан ой-пікірлері маған қатты ұнады. Өйткені мен де ол кісі сияқты өмір бойы айналамдағы кемшіліктерді, қоғамдағы жат қылықтарды, мәдениетсіздік, көргенсіздіктерді сынаумен, газеттерге жазумен келемін. Сол үшін басшылар, шенеуніктер мені аса жақтыра бермейді.

Айдекең өз мақаласында қоғамға кесірі тиетіндердің барлығын атып тастау керек деген екен. Меніңше, парақорларды, мемлекет қаржысын жымқырғандарды, жас қыздар мен әйелдерді зорлағандарды, кісі өлтіргендерді, 50 мың теңгеден артық пара алған бастық, директорларды дарға асу керек. Оларды жексенбі күні стадионға, халықтың көз алдына алып шығып, айыбын айтып, кінәсін мойындатып дарға асса дұрыс болар еді. Тіпті денесін жалаңаштап, қамшымен сабаса, денесіне қызған темір қазықты он рет тығып алып, суретін газеттерде жарияласа да сауап.

Бүгінгі таңда Иранда, Иракта, Қытайда өлім жазасы бар. Оларда қылмыскерді дар­ға асады.

Шындығында жұрт заңнан, патшадан қорықпаса ешкімге де бағынбайды. Қазір адамдар басы ауған жаққа кететін, падашысы жоқ сиыр сияқты, ойына келгенін істейтін болды. Осының бәрі заңның солқылдақтығынан. Ақшаң көп болса бәрін де істетуге болады деген ұғым қалыптасқан.

Менің ойымша, Парламент депутаттары заңдардың кейбірін қайта қарап, өзгерту, толықтырулар енгізгені дұрыс сияқты. Еуропадағы қауіпсіздік және ықпалдастық ұйымына мүше боламыз деп ату жазасын бекер тоқтатты. Ал бізге ЕҚЫҰ-ның не қажеті бар? Өйткені осындай қатаң жаза болмағасын мемлекет талан-таражға түсуде. Миллион, миллиардтаған қаржыны жымқырып, Швейцарияға кеткен Храпунов сияқты талтаңдап жүргендер бар. Ал Қазақстанда жылдар бойы пәтер жалдап тұрып жатқан мың­даған жастар, оралмандар бар екен. Олардың жайын кім ойлайды?

Сондықтан ел басқарған басшылар Айдарбек Қыдырбекұлы айтқандай, өз қара басын күйттемей, халықтың да жайын ойлауы тиіс.

 Мақсат МҰҚАНОВ, зейнеткер.

Сарыағаш ауданы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!