28 шағын құс фермасы өз еркімен бірікті

03.10.2017
Қаралды: 255

Ордабасы ау­данының Бөр­жар ауыл округінде тұратын Талғат­ Құлмыр­заев (суретте)  кезінде «Қай­нар құс» фабрикасында жиырма бес жыл еңбек етіп, мол тәжірибе жинаған екен. Сөйтіп ол жақында  өзінің жеке құс шаруашылығын құрыпты.

Құс шаруашылығының қыр-сырын жақсы меңгерген Талғат өз кәсібін даму жолына қоя білудің арқасында тәуір жетістіктерге жете бастады. Т.Құл­мырзаевтың құрған «Агро-бройлер құс» шаруашылығына аумақтағы 28 шағын құс фермалары өз ерік­терімен бірігіп, өткен жылдан бері үлкен кооператив ретінде танылып келеді. Қазіргі күнде кооператив айына 5-6 мың бройлерлік тауықты нарыққа ет түрінде өткізуде.

«Агро-бройлер құс» ауыл шаруашылығы коопера­тивінің құс фермалары автоматтандырылған герма­ния­лық жабдықтармен қамтылған. Қол жұмысының едәуір бөлігі техниканың күшімен атқарылады. Алдағы кезде мұнда жем дайындайтын және құс етін қайта өңдейтін жаңа цехтар құру жоспарланған.

Шаруашылықта әр істің көзін табу өте маңызды екенін ескерсек, тәжі­рибелі кәсіпкер Т.Құлмырзаевтың бас­қаруындағы ауыл шаруашылығы кооперативі алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жететін сияқты.

С. НАҒАШЫБЕК. 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!