Дастан айту дәстүрі жаңғырған күн

02.10.2017
Қаралды: 146

Облыстық «Оң­түстік Қазақстан» газеті өткен сей­сенбі күні жас жыршылар арасында «Жақсылар, дастан айтайын...» атты ерекше байқау өт­кізді. 

Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл бай­қауға аудан мен қа­лалардан 48 оқу­шы­­ қатысты. Олар­ға «Қамбар батыр» жырын жатқа оқу­мен қатар ондағы көнерген сөздердің мағынасын түсіндіру бойынша да талап қойыл­ған болатын.

Байқау нәтижесінде Түркістан қаласындағы №19 мектептің 8 сынып оқушысы Гүлжайна Елмұратова бас жүлдені жеңіп алып, 200 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Жеңімпаздың ұстазы Майра Назарбековаға автокөлік кілті табыс етілді.

Басқа жүлдегерлер мен олардың ұс­таздарына да қаржылай және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Ж. ҚАСЫМ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!