Қалыбек Атжан жаңа қызметке кірісті

02.10.2017
Қаралды: 207

Жуырда әріп­те­сіміз, белгілі журналист Қалыбек Атжан Тараздағы «77 TV» телеарнасына атқарушы директор болып қызметке орналасты.

 Еңбек жолын «Ле­ниншіл жас» га­зетінде тілшілік­тен бастаған әріптесіміздің қаламы қолынан 40 жыл бойы түспепті. Соның 37 жылында телерадио саласында, атап айт­қанда, Қазақ радиосының­ редакторы, аға редакторы, Қазақ радиосы және «Хабар» агенттігінің Шымкенттегі мен­шікті тілшісі, «Қазақстан» теле­арнасының «Қа­зақстан-Шымкент» фи­лиалының директоры, кейін осы арнаның «Қазақстан-Тараз» филиалының директоры қызметтерін атқар­ған.

Қалыбек Атжан үстіміздегі жылдың көк­темінде зейнет демалысына шыққан еді. Алайда қол қусырып қарап отыруды жөн көрмеген азамат бүгінде өзіне ұсынылған жұмысқа белсене кірісіп те кетті. Біз ол кісіні шын көңілден құттықтап, еңбегіңіз жемісті болсын дейміз.

Г.ӘШІРБЕКОВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!