Иса Омардың жаңа кітабы

30.09.2017
Қаралды: 922

Белгілі қаламгер, «Замана» Баспа үйінің бас директоры Иса Омардың жаңа кітабы жарық көрді. 

Ол «Жүрек сөзі» деп аталады. Алматыдағы «Тоғанай Т» баспасынан басылып шыққан аталмыш кітапқа Иса Омардың әндері мен термелері және толғаулары, барлығын қосқанда екі жүзден астам шығармашылық туындылары топтастырылған. 

Кітап әр алуан тақырыптарды қамтитын алты бөлімнен тұрады. Әуендері бар өлеңдер ноталарымен бірге берілген. 

Еске сала кетейік, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, журналист-жазушы Иса Омардың бұған дейін бірнеше прозалық және публицистикалық кітаптары жарық көрген. Оның шығармалары орыс, өзбек және қырғыз тілдеріне аударыл­ған.­­­­

А. ҚАСЫМХАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!