Жанболат Мамай бостандыққа шықты

09.09.2017
Қаралды: 259

Қаржыға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен абақтыға қамал­ған «Трибуна: Саяси қалам» газетінің бас редакторы, белгілі журналист Жанболат Мамай кешегі аптаның бейсенбі күні бостандыққа шықты.

Ж.Мамай биылғы ақпан айында тұтқындалған болатын. Оған «БТА-Банктің» қылмыстық жолмен табылған қаржысын газет жұмыстары арқылы айналымға салған деген күдік келтірілген еді. Бұл іске қатысты сот процестері Алматының Медеу аудандық №2 сотында өтті. Сот оның бас бостандығын 2 жыл, 5 айға шектеу жөнінде үкім шығарды.­

«Сот Ж.Мамайды кінәлі деп тапты. Оған мүлкін тәркілей отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру және журналистік қызметпен айналысу құқынан 3 жылға айыру жөнінде үкім шығарды», – деді бұл жөнінде судья Дәурен Мәукеев.

Сосын Ж.Мамайдың қамауға алынған мерзімінен (10-ақпан, 2017-жыл) 7-қыркүйекке дейінгі уақыттың шегері­летінін мәлім етті. Яғни оның бас бостандығы 2 жыл, 5 ай, 5 күнге шектелетін болды. Үкімнің басқа жағы өзгертілген жоқ. Бұдан бөлек, Ж.Мамай жылына еркінен тыс 120 сағат жұмысқа жіберілетін болды. Жалпы алғанда, Жанболат Мамай өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!