Алмасбек Мамытбеков – бас еңбек инспекторы

04.09.2017
Қаралды: 217

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен Алмасбек Мамытбеков облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы –  облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметіне тағайындалды.

Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков 1969-жылы өмірге келген. Мамандығы бойынша – география және биология пәндерінің мұғалімі, экономика мен бизнес бакалавры. Ол кезінде Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары болған, облыстық ішкі саясат басқармасын басқарған, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары болған. 2016-жылдың сәуір айынан 2017-жылдың тамыз айына дейін Ордабасы ауданының әкімі қызметін атқарған еді.

Н. ӘБДІ

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!