Сапарбаевқа дінге қатысты басқарманы басқару тапсырылды

04.09.2017
Қаралды: 282

Оңтүстік Қазақстан облыстық дін істері жөніндегі басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметті Самат Сапарбаев атқаратын болды.

Самат Айдарханұлы Сапарбаев 1962-жылы өмірге келген. Мамандығы – инженер-механик. Ол Ордабасы және Сайрам аудандарын басқарған. Сайрам ауданының әкімі қызметінен өткен тамыз айында босатылған болатын. Енді оған дін істері саласын басқару тапсырылып отыр.

С.Сапарбаев өзінің еңбек жолында аудандық комсомол комитетінің хатшысы, жастар ісі және ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімдерінің меңгерушісі, әкім аппаратының басшысы қызметтерін де атқарған.

Ал бұл қызметті 2016-жылдың ақпан айынан бері атқарып келген  Батырбек Жалмұрзаев өткен шілде айының орта шенінде лауазымынан босаған болатын.

Ә. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!