Нұрмахан Жолдасов – «Нұр Отан» ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары

04.09.2017
Қаралды: 229

«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан об­лыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  қызметін 2016-жылдың желтоқсан айынан бастап атқарған Әлімжан Құртаевтың биылғы маусымда ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланғаны белгілі. 

Содан бері бос тұрған орынға жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметті Нұрмахан Жолдасов атқаратын болды­.

Нұрмахан Миятұлы Жолдасовтың жасы қазір 58-де. Ол Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және  қаржыгер мамандықтары бойынша бітірген.

Н.Жолдасов кезінде Шымкент қалалық әкімдігінде қызмет атқарған, қалалық көлік, коммуникация және сауда басқармасының бастығы болған­, облыс әкімдігінде бірнеше бөлімдерді басқарған. Бәйдібек және Сарыағаш аудандарының әкімі болды,Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры қызметін атқарды. Кейін жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 2016-жылғы наурыз айында өткен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау кезінде облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!