Туберкулез туралы да біле жүріңіз

04.09.2017
Қаралды: 492

Қоғамдық қауіпті аурулардың бірі – туберкулез жөнінде кімнің де болса біле жүргені дұрыс. Білген адам сақтанады, ал «Сақтықта – қорлық жоқ» екені белгілі.

Туберкулез (құрт ауруы, көксау) – адам мен жануарларда болатын жұқпалы ауру. Ол негізінен тұқым қуаламайтын ауру. Оның қоздырғышы микробактериялар болып табылады. Ауа тамшыларымен таралады, aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамиды. Ең алдымен өкпені, кейде басқа ағзаларды да зақымдайды. Аурудың негізгі жұқтырушы көзі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады.

Ем қабылдамаған әpбіp науқас жылына 10 адамнан 15 адамға дейін туберкулез ау­руын­ жұқтыруы мүмкін. Оған шалдыққандардың 50 пайызын 18 – 44 жас аралығында­ғы жұмыс істеуге қабілетті адамдар кұрайды.­

Ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде туберкулез қоздырғыштары ауаға (ауа тамшылары арқылы) тарайды. Қоздырғышы бар ауаны жұтқанда бактерия жоғарғы тыныс алу жолдарына, өкпеге түседі. Олар кез келген ағзада дами алады, бірақ көп жағдайда өкпеде дамиды.

Бұл аурудың дамуына мынадай факторлар жол ашады:

- иммунитеттің әлсіреуі;

- толыққанды, үйлесімді тамақтанбау;·

- ауыр аурулардың қатар жүруі (ВИЧ/СПИД, қант диабеті, ойық жара аурулары және басқалар);

- суық тигізу;

- кез келген зиянды әдеттер (темекі шегу, ішімдік ішy, есірткі пайдалану);· -

- созылмалы күйзелісті жағдайлар.

Аурудың алғашқы белгілері мы­надай:

- жөтелдің екі аптадан астам уақытқа созылуы;

- дене қызуының көтерілуі;

- кеуде қуысының ауыруы және шаншуы;·

- дене салмағының түсуі;

- түнгі уақытта терлеу;

- тәбеттің төмендеуі;

- қатты шаршау және әлсіздік

Бұл аурудың алғашқы белгілері байқалғанда уақыт өткізбей тұрғылықты жерге немесе оқу орны бойынша медицина­лық мекемеге жүгіну керек. Уақытында анықталса, туберкулезден емделу арқылы ойдағыдай айығып кетуге болады.

Туберкулезді емдеуге болады. Ол тегін емделеді.

Туберкулездің алдын-алуда мынадай спецификалық іс-шаралар жүр­гізіледі:

Жаңа туған нәрестелерге перзентханада «БЦЖ» вакцинасы егіледі. Егер нәрестеде медициналық қарсы көрсет­кіштері бар болса, екі айға толғанға дейін вакцинацияны емдеу мекемелерінде алады. Ал екі айдың ішінде вакцинация­ны алмаған жағдайда балаға «Манту» сынамасы жүргізіледі, «Манту» сынамасының нәтижесі теріс бол­ған жағдайда «БЦЖ» егіледі. 6-7 жастағы 1 сыныпқа баратын балаларға «Манту» сынама­сының нәтижесі теріс болған жағдайда «БЦЖ» ревакцинациясы (қайта вакци­нациялау) жүргізіледі.·14 жасқа дейінгі «Қауіп тобындағы» (әлеуметтік жағдайы қолайсыз отбасынан шыққан балалар, екі аптадан астам ұзақ жөтелу белгілері бар балалар, әртүрлі аурулардың себебі бойын­ша педиатрда есепте тұрған бала­лар, жа­бық оқу орындарындағы балалар­, вакцинацияланбаған және вакцинациядан кейінгі дамымаған «БЦЖ» тыртықтары бар балалар, гормондық терапияны қабылдайтын ба­лалар, иммундық супрес­сивті терапияны­ алатын балалар) және туберкулез ошақтарындағы балалардың арасында туберку­лезді ерте анықтау мақса­тында «Манту» сынамасымен жылына 1 рет қамту керек.· Міндетті түрде флюорографиялық тексерілу­ден кем дегенде жылына 1 рет өту керек.

Туберкулезбен ауырмау үшін саламатты өмір салтын ұстаныңыз. Жүйелі түрде белсенді дене шынықтырумен айналысу, спортпен айналысу, жақсы демалу керек. Тиімді тамақтану (ет пен сүт, балық өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жи­дектерді жеткілікті мөлшерде қолдану) маңызды. Зиянды әдеттерден (темекі, алкоголь, есірткі тұтыну) аулақ болу керек. Жуғыш заттар мен таза суды пайда­ланып қолды, ыдыстарды жуу, жеке ыдыс қолдану, жөтелген және түшкірген кез­де мұрын мен ауызды бүркемелеу де үйреншікті әдетке айналуы керек. Таза ауада жиі болып, табиғат аясында дема­лыс жасау, үй ішін мезгіл-мезгіл желдетіп, ылғалды тазалап отыру қажет.

Ж. МЕДЕТОВ,
Оңтүстік Қазақстан облыстыққоғамдық денсаулық 
сақтау департаменті басшысының орынбасары.

З. РУЗМЕТОВ,

облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы директорының орынбасары.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!