«Швабраға» дейін салық қылып салуда

30.08.2017
Қаралды: 503

«Туыңдар, туа беріңдер. Қазақтың санын көбейтіңдер!» – дейді. Туып алып, ол баланың біреуін балабақшаға кіргізе алмай, біреуін мектепке кіргізе алмай жүр енді. 

Жиырма жыл тұрған жерінде балабақшада бала көп, толып кеткен деп алмайды баланы. Мектептеде орын жоқ, толып кетіпті.

Жүгіріп жүріп, жоғарғы жақтан адам салып өлгенде әрең кіргізді.
«Прописка» жоқ болса, 1000 – 1500 доллар сұрайды. «Прописка» болса, 500 доллар. Бұл не деген сұмдық?! Соншалықты оларды қызметке алып жатыр ма?

Баланы кіргізіп алып, енді спонсор бол дейді. Бүкіл ата-ана демеуші болады. Мектепке алғызбайтын нәрселері жоқ. Жалау (4-5 дана), холодильник, швабра (20 – 30 дана), қабыр­ғаға ілетін сағатқа дейін, пол жуатын шүберек дейсің бе, толып жатыр енді.

Әр ата-ана жоқ дегенде 20 – 30 мыңның затын әперуі керек.
Барлық жерде сол ма, әлде бұл бізде ғана ма? Не деген тоймайтын директор бұл? Ойбо-ой-й, өзінің тіреуіші мықты дейді. Ешкімнің шамасы келмейді екен  тоқтатуға. Елдің бәрін зар қақсатып отыр. Көп асқанның бір тосқаны бар. Көп асаймын деп боқ асап қалар бір күні.

Ләззат КЕРІМБЕКҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!