Бақытжан Ысқақ – «Қазпочта» облыстық филиалының директоры

26.08.2017
Қаралды: 542

«Қазпочта» акционерлік қоғамы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры ауысты. Бұл қызметке «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновтің бұйрығымен Бақытжан Ысқақ тағайындалды.

Бақытжан Бекболатұлы Ысқақ 1979-жылы өмірге келген. Мамандығы бойынша – инженер-технолог, заңгер. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және Қарағанды экономика университетін бітірген.

Б.Ысқақ өзінің еңбек жолын Бәйдібек ауданы әкімдігінде жетекші маман болып бастаған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бәйдібек ауданы бойынша аумақтық инспекциясында кадрлар жөніндегі бас маман болып еңбек еткен. 2008 – 2014-жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық әлеуметтік қорғау және бақылау департаментінде жетекші маман, бас маман, мемлекеттік еңбек инспекторы қызметтерін атқарған. 2014-жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облыстық еңбек инспекциясы басқармасында бөлім басшысы – ревизор болып келді.

...«Қазпочтаның» облыстық филиалын осыған дейін басқарып келген Әлия Сүгірбаева Астанаға ауысты.

Біз жаңа қызмет иелерін құттықтай отырып, оларға биік абырой тілейміз.

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!