11 мамырдан бастап елімізде карантин ережелері қалай өзгереді?

11.05.2020
Қаралды: 108

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" қаулыға қол қойды.

 

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыс әкімдеріне, денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына шетелден Қазақстанға келген барлық адамды екі күнге дейін карантиндік ауруханада оқшаулануын қамтамасыз ету тапсырылды.

 

Сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік делегациясын қоспағанда, Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ЕАЭО мен Өзбекстан аумағынан келген адамдар да екі күнге дейін карантиндік ауруханада жатуы тиіс.

 

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыс әкімдері төмендегі талапты қамтасыз етуі тиіс:

 

- ойын-сауық, спорттық және басқа қоғамдық шараларға, отбасылық, еске алу іс-шараларына тыйым салынады;

- сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көп адам жиналатын басқа да нысандардың қызметіне тыйым салынады;

- сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көп адам жиналатын басқа да нысандардың қызметіне тыйым салынады;

- діни обьектілердің қызметіне тыйым салынады;

- әскерге шақырылған азаматтар әскери бөлімдерге келгеннен кейін ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық зерттеуінен өтуі тиіс;- қоғамдық орындар, өндірістік аумақтары, әуежайлар, тұрмыстық ойын алаңдарда санитарлық және дезинфекция жұмыстары жүргізілуі тиіс.

 

Жеті күн ішінде COVID-19 вирусының таралу деңгейі 7 пайыздан аспаған кезде, төмендегі талап жүзеге асырылуы тиіс:

 

- Тұрғындардың тұрғылықты жерінен еркін шығуына рұқсат беріледі. Бірақ
екі немесе одан да көп адам серуендегенде міндетті түрде маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс.

- Саябақтарда, алаңдарда, жағалауда серуендеуге рұқсат беріледі. Алайда онда үш адамнан немесе бір отбасының мүшесінен аспауы тиіс. Олар арақашықтықты сақтауы керек.

- Аулаға шығуға рұқсат беріледі (Алайда онда үш адамнан немесе бір отбасының мүшесінен аспауы шарт. Олар арақашықты сақтауы керек).

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ