Нұрлан Ермекбаев – Қорғаныс министрі

11.07.2018
Қаралды: 55

Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

 

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев 1963-жылы Шымкент қаласында өмірге келген. КСРО Қорғаныс минис­трлігі әскери ин­ститутын – ше­тел тілдерінің маманы және ҚР Мемлекеттік архитектура-құрылыс академиясын – инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Қазақ тілімен қоса орыс, қытай, ағылшын, португал тілдерін еркін меңгерген.

 

Н.Ермекбаев – кадрлық офицер, ол кезінде соғыс қимылдары жүріп жатқан Ангола елінде әскери кеңесшілер қатарында қызмет еткен. Кейін Қазақстанның Қытайдағы сауда өкілдігінде, «Халық банкінің» осы елде ашылған өкілдігінде  жауапты қызметтер атқарған, Бейжіңдегі елшіліктің кеңесшісі болған, Сингапурде елшіліктің іс бо­йынша сенімді өкілі болып еңбек еткен. Ол ҚР Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі, Президенттің көмекшісі – Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі, Сырт­қы істер министрінің орынбасары, Президенттің көмекшісі болды. Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымын, оған қоса Вьетнамдағы және Солтүстік Кореядағы елшісі қызметтерін қоса атқарды. Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Дін істері және азаматтық қоғам министрі болды. Биылғы сәуір айынан бері Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін атқарып келді.

 

Ал 2016-жылдың қыркүйек айынан бері еліміздің Қорғаныс министрі болып келген Сәкен Жас­ұзақов Президент Жарлығымен қызметінен босатылып, Ұлттық Қорғаныс уни­верситетінің басшысы қызметіне тағайындалды.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ