Шипагерге риза болып, өлең арнапты

22.08.2017
Қаралды: 349

Газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде шөптердің көмегімен емдейтін шипагер Күнімкүл Рысымбетова (суретте) туралы оқырманның алғыс хаты жарияланған еді. 

Ал кешегі сәрсенбіде редакцияға Аманкүл Исақұлқызы есімді оқырманымыз Күнімкүл Әсетқызына емделіп, пайдасын көргенін айтып келді. Ол кісі өзін сырқатынан сауықтырған шипагерге деген алғысын газетке жариялауымызды өтінді.

      «Түрлі шөптің сырын түгел меңгерген,

      Сырқат атаулының бәрін жазатын кез-келген,

      Күнімкүл қызымызда аса үлкен қасиет бар,

      Көзін ашып, орнынан тұрар сенделген.

Мұндай емшіні қалай айтпай тұрасың,

Көрген емес мұндай емшіні бұл басым.

Сырқатына қарай әр адамға береді

Таза аймақта өскен шөптің тұнбасын.

    

      Айығудан күдер үзіп келгендер,

      Күнімкүлдің емшілігіне сенгендер,

      Көп екен, өте көп екен адамдар,

      Ауруынан айығып, Күнімкүлге батасын бергендер­.

Ішкі ағзаны, өкпе, жүрек, бауырды емдеген,

Күнімкүлді көп айтады ел деген.

Сондықтан да Күнімкүлді бұл халқым

Ең озық, таңдаулы емшіге теңеген.

         Өттегі тасты да емімен күшті түсірген,

      Біледі ол сырқаттарды түсінен.

      Бір көргеннен қандай сырқат екенін

      Түріңізге қарап тұрып-ақ түсінген.

«Киста» дегеннен береді екен құтқарып,

Алған Күнімкүлді осы күні жұрт танып.

Сондықтан Күнімкүлдей емшіге

Күнде келіп алғыс айтады бұл халық.

   

      Барғандарды дерттен айықтырар мен құсап,

      Күнімкүлге жайып тұрар ел құшақ.

      Жаратқан Алла Күнімкүлдей емшіге

      Аса үлкен ғұмыр берсін ең ұзақ!» – деп жазыпты Аманкүл қажы апа.

Біз оқырман өтінішін орындап, ол кісінің шипагерге деген жүрекжарды өлеңін газет бетінде жариялап отырмыз.

Г. СҰЛТАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!