Студенттер шөп орып, бау суғарып жүр

15.08.2017
Қаралды: 220

Мемлекеттік «Жасыл ел» бағ­дарламасы жазғы маусым ке­зінде студент-жас­тарды жұмыспен қамтуға көп үлес қосуда. 

Осындай жас­тардан құралған жасақ бү­гінде Түл­кібас ауданы әкімдігіне қарасты коммуналдық шаруашылық меке­ме­сінде жұмыс атқа­руда. Аталмыш меке­ме­нің басшысы, Алматыдағы Қазақ тех­нологиялық универси­тетінің, Тараз­ Мемле­кеттік уни­вер­ситеті сәулет фа­куль­тетінің түлегі Ілияс Мәмбетовтің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда 30 студент өздері­нің жазғы каникулын ауданда «Жасыл ел» бағдарламасы аясында өткізіп жатыр.

«Студент-жастарға айтар ал­ғысымыз шек­сіз, – дейді Ілияс Бердалыұлы. – Олар күні бүгінге дейін аудан орталығындағы Т.Рысқұлов көшесі бойындағы өскен шөптерді үш мәрте орып, гүлзар бақтарды уақтылы күтіп-баптап, суғарып үл­герді. Мұнан бөлек, олар тазалық мәселе­сіне де жіті көңіл бөліп, күл-қоқысты шығаруға да аянбай атсалысты. Еткен еңбектеріне орай олар өздеріне тиісті 50 мың теңгедей жалақыларын алып та жүр.

Біз оларға барлық материалдық жағдайды қарастырдық, жұ­мыс құралдарымен то­лық қамтамасыз еттік. Жастар бар шаруаны күліп-ойнап жүріп біті­ріп, мекемеміздегі 63 адаммен қоян-қолтық араласа еңбек етіп жүр.

Бізде қазір 11 техника бар. Оның ішінде шағын трактордан бастап, жүк көтеретін техникаға дейін бәрі аудандағы таза­лық үшін жұмыс атқарады. Студент-жастар бізде 1-ші қыркүйекке дейін ең­бек етіп, одан кейін өздерінің білім ордаларына оралады.

«Жасыл ел» бағдарламасының алға қо­йып отырған басты мақсаты – жас ұрпақты еңбекті бағалауға үйрету. Әрине, бұдан жастардың ұтпаса, ұтылмайтыны белгілі жағдай. Біз осыған қуа­намыз».

Мекеме басшысы осылай дейді. Студенттерге мұндай жағдай басқа аудандарда да жасалған болар деген ойдамыз.

Орынтай КӨМЕКОВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!