Бұған кім кінәлі?

08.08.2017
Қаралды: 679

Көлікпен кетіп бара жатқанмын. Шымкенттегі әскери бөлім жанынан солдаттар қол көтерді. Тоқтадым. Жасы үлкен екі әйел «Юбилейныйға» дейін барамыз деді. Мен көлікке тез отыруларын сұрадым. Тағы да екі солдат отырды.

Бұл әйелдер Атырау облысынан әскердегі балаларына келіпті. Балалары Атырауда колледж бітірген екен.

– Мен такси емеспін, ақша алмаймын, – дедім.

Алдыңғы отырған әйел:

– Тегін апарасыз ба? – деді.

– Иә.

– Шымкентте тегін такси бар екен деп айтып баратын болдық.

Мен:

– Үш сұраққа жауап берсеңіздер тегін апарамын, жауап бере алмасаңыздар, түсіріп кетемін,– дедім.

– Сұрағыңызды қойыңыз, – деді.

Қазақтың соңғы ханының атын атауды сұрадым. Жауап бере алмады. Бір-бірінен сұрады, білмейді екен.

«Конституция бойынша Қазақстан мемлекеті қалай аталады?» – дедім. Жауап бере алмады. «Қиын сұрақ береді екенсіз», – дейді.

«Демократия» сөзінің мағынасын сұрадым. Білмеді.

Қысқасы, солдаттарымыз қорғайтын мемлекеттің атын да білмеді.

Міне, рухани жаңғыруды  неден бастау  керек!

Меймандар болған соң баратын жеріне жақын апарып қайттым.

Ал одан кейін Өтегенов көшесінен көлігіме әкесі мен қызы отырды. Жоғарыдағы шарттарымды айтып, сол сұрақтарды қойдым. Олар үшеуіне де жауап бере алмады.

Әкесі банкте – заңгер, қызы қаладағы №77 мектепте мұғалім екен.

Жарқынбек СЕЙТІНБЕТ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!