Ордабасы ауданын Рашит Қайыпжанов басқарады

07.08.2017
Қаралды: 346

Облыс әкімінің өкімімен Рашит Қайыпжанов Ордабасы ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Рашит Үсіпханұлы Қайыпжанов 1970-жылы дүниеге келген. Мамандығы – инженер-механик. Ол ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген, әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Р.Қайыпжанов еңбек жолын Сарыағаш ауданында қатардағы жұмысшы болып бастаған. Кейін түрлі бизнестік құрылымдарда еңбек еткен, Сарыағаш ауданындағы Ақжар ауылдық округінің әкімі болған. 2011-жылдың ақпан айынан бері Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ