Бақтияр Мамаев – Сайрам ауданының әкімі

07.08.2017
Қаралды: 318

Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың өкімімен Бақтияр­ Мамаев Сайрам ауданының әкімі болып таға­йындалды.

Бақтияр Сапарәліұлы Мамаев 1969-жылы өмірге келген. Мамандығы бойынша – еңбекке баулу және жалпытехникалық пәндер мұғалімі, заңгер, көлік бакалавры.

Ол еңбек жолын 1993-жылы Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылдық кеңесінің хатшысы болып бастаған. Кейін аудан әкімдігінде, бірнеше кәсіпорындарда жауапты қызметтер атқарған, Қызылқия ауылының әкімі болған, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарған. 2012-жылдың наурыз айынан бері Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ