Ақпарат

Біз «ЭКСПО – 2017» көрмесіне жол тарттық

Қаралды: 151

Биылғы жылдың 10-мау­сымынан бастап еліміз­де «ЭКСПО – 2017» «Бола­шақтың энергиясы» атты халықаралық мамандандырылған көрме өтіп жатқаны белгілі. 

Көр­меде әлем елдерінің ғы­лымы мен мә­дениетіндегі соңғы жаңалықтарымен танысуға, елор­дамыз Астананың жаңа келбетін тамашалап, біліміңді арттыруға, демалысты мазмұнды өт­кізуге үлкен мүмкіндіктер жасалған. Дәл осындай мүмкін­дікке ауданымыздың озат, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын оқу­шы­лары да ие болды.

Сайрам аудандық білім бөлімінің демеушілігімен 28-шілде күні 150 оқушы Астана қаласына аттандық. Оқушылардың демалыс­тары қызықты болуы үшін барлық жағдайлар жасалған. 150 оқушы 7 топқа бө­лініп, әрбір топ тәлімгердің бақылауында болады. Тә­лімгерлермен қоса дәрі­гер­лер де оқушылармен бірге жолға шықты.

Астана қаласында бі­рінші күні елордамыздың көрікті жерлерін тамашалап, екінші күнінде көрмені аралау жоспарланған. Барлық шығындар мемлекет пен демеушілер есебінен төленеді. Жалпы, облысымызда осы шараға әлеу­меттік аз қамтылған отбасы балалары мен озат, қо­ғамдық жұмыстарға белсене атсалысатын 3750 оқу­шыға тегін жолдама бе­рілген болатын.

Ал мен оқитын №50 Н.Тілендиев атындағы жалпы орта мектебінен екі оқу­шы жолдамаға ие болдық. Осы тұста бізге сенім артып, көп оқушының ішінен біздерді осы көрмеге жі­бергені үшін мектебіміздің басшылығы мен ұстаздарымызға шексіз алғысымды білдіремін.

Ақнұр ӘСІЛБЕК,

Сайрам ауданы, Н.Тілендиев атындағы
№50 жалпы орта мектебінің оқушысы.
 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру