«Аққұм» атты кітап шықты

02.08.2017
Қаралды: 323

Шымкентте «Аққұм» атты кітап жарық көрді. Авторы – қасиетті Қазығұрт өңірінің перзенті, кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы, 

мәдениет бас­қармаларында және басқа да мекемелерде жауапты қызметтер атқарған азамат, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сей­дахмет қажы Әуелбекұлы Бай­дәулетов ағамыз. Кітапта автордың әр жылдары жазылған, мерзімдік басы­лымдарда жарық көрген ес­теліктері, эсселері мен мақала­лары жарияланған.

Сейдахмет ағамыздың туындыларында ауылдың, қарапайым еңбек адамдарының өмірі сурет­теледі. Туған жер табиғаты си­патталады. Оқып отырып алдыңғы тол­қынның өткен жолына қаны­ғасыз, адамдар бойындағы асыл қасиеттерге сүйсінесіз. Автордың жер, су аттарын таратып тұрып айтатын тұстарынан да талай жайды көңілге тоқуға болады.

Кітапта тарихи тақырыптар да қозғалған, есімі ел есінде қалған тұлғалар жөнінде де қызықты мәліметтер келтірілген.

Кітаптың «Мекке мен Медине неме­се Байтұлла, Ғизза сапары» деп аталатын 3-ші бөлімінде автор өзі­нің қажылық сапарға бар­ған кездегі көрген-білгендерін әңгімелейді.

Қысқасы, үш бөлімнен тұратын бұл кітаптың қай бөлімін оқысаңыз да көп жайлардан хабардар болып, мол ғибрат аласыз.

Өнегелі өмір сүріп, көңіліне көп нәрсені тоқыған Сейдахмет ағамыз бұл кітаппен шектеліп қалмас деп ойлаймыз. Ендеше, біз ол кісіге қайратыңыз қайтпасын, елге айтарыңыз өмірге тағы да кітап болып келе берсін деген тілек білдіреміз.

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ