Ақпарат

«Кей науқасты маған дәрігерлердің өзі жібереді», – дейді Қызылгүл емші

Қаралды: 888

Бұл кісіні емделушілер ғана емес, дәрігерлер де диагнозды дәл қоятыны және нәтижелі ем жүргізетіні үшін құрметтейді. 

Таяуда бізге осы адаммен – Сыр өңірінің кәсіби халық емшісі Қызылгүл Әлменовамен (суретте) сұхбаттас болудың сәті түсті. Ол кісіге өзімізді қызықтырған сұрақтарды қойдық.

– Қызылгүл апай, сіздің дертті жандарға дауа дарытып жүрге­ніңізге қанша жыл болды?

– Емшілік деген – әкенің қаны, ананың сүтімен ке­летін киелі қасиет. Ме­нің әкемнің түпкі аталарының бірі – Асан «ал­тын тоқпақ» ұстаған бел­гілі бақсы бол­ған­ екен. Анамның нағашысы Қадыр қажы да зергерлік көрік басқан, өзінің мешіт-медресесінде бала оқы­тқан ілімді кісі болыпты. Нағашы атам Барақ қажы – Мәдинада пайғам­барымыздың тас қабі­рін құ­шақтап жан тапсырған мұ­­сыл­манның үшінші адамы болып, есімі сондағы алтын кітапқа енген кісі. Осы қанмен ұрпақ қуалай қонған қасиетті мо­йындап, шипа іздегендерге қолымнан келгенінше жәр­дем беріп келе жатқаныма биыл 24 жыл болды.

– Сізге емделушілер негізінен қандай сырқатпен келеді?

– Адамды мазалайтын ауру көп қой. Дегенмен ел ішінде тіл-көз тию, жүйке ке­селдері, асқазан-ішек жолының, қуық, жы­ныс жүйеле­рі­нің дерттері, стенокардия, гас­трит, түрлі жаралар, эндокринологиялық кеселдер қи­наған, теміреткіден құтыла ал­май жүрген жандар, нәресте көрмеген әйелдер, қан қысымы кө­те­ріңкі адамдар көп екенін байқаймын.

– Сіз оларды қандай тәсіл­де­рмен емдейсіз?

– Мен науқастардың ауы­ратын жерін телепатиялық жолмен  анық­­таймын. Ал ем-домды әңгімелесу­ден, яғни психо­терапиядан бастаймын. Кеселге себеп бол­ған тұр­мыстық факторды анықтаймын. Оны жою жолдарын айтып, кеңес беремін.

Барлық медициналық құ­ралдардың  ең  құдіреттілері – пышақ, шөп және сөз емес пе? Менің де ем жүргізудегі басты құралым осы үшеуі. Сөзбен, дем салып үшкіру арқылы, шөппен емдеймін және жараларға пышақ қолданамын. Соның ең бас­тысы – үшкіріп, дем салып емдеу, су ұшық жасау. Ол астан ұшынған адамға жасалады. Өн бойын қорқыныш билеп, өзінен өзі қорқатын адамды – тасқорықпен, бойын ұзақ уақыт ауру меңде­ген нау­қастарды жаңа сойыл­ған мал­дың­ өкпесімен ұшықтаймын. Бұл ырым-тиымдар – қазақ қазақ болғалы ықы­лым замандардан келе жатқан тиімді ем. Өйткені адам бо­йынан бөлінетін лас энергия қоғамды, ортаны бүл­діреді. Адамның табиғатпен байланысатын, яғни көктен күш-қуат алатын көздерін байлап, қоршап қоя­ды. Аурасын кір­летеді, қор­ған қалтасын те­седі, соның салдарынан адамның бойындағы созылмалы әртүрлі аурулары қо­зады. Ондайда нау­қас­тың таза энергиясын қалыптастырып, био­өріспен және Құран аяттарымен дем саламын. Шығыстың нүктелі массажын (акупунктура) қолданамын. Сосын қан қысымы жоғары науқастарға хиджама жасау және әртүрлі шөптермен емдеу тәсілдерін қолданамын.

– Диагноз қойғанда нендей тә­сіл­дердің көмегіне жүгінесіз?

– Диагноз қою менің жоғарымен – көкпен байланысым арқылы жаса­лады. Келген кісінің қай жері ауырғанын өз денеме беру жолымен біл­ді­реді. Мұны телепатия дейді. Диагнозды соған қарап анықтаймын. Әзір­ге қателескен емеспін. Олай дейтінім, өзім болжам қой­ған нау­қастарды диагнос­тикаға, өздері есепте тұратын ем­ханаларға жіберіп, тексертіп тұрамын. Сонда дәрі­гер­лер­дің «УЗИ» және ком­пью­терлік томография арқылы анық­таған диагноздары менің болжамыммен сәйкес келіп отырады.

– Емдеу ісіңіздегі бір-екі мысалды айтып беріңізші.

– Менің інім Бақтияр мен келінім Бибіхан Құдай беріп, үш қызды болды. Олар өмірге ұл бала келуін асыға күтті. Мен Бибіханға қасиетті Құ­ран дұғасы – «Кимяийсаадат» арқылы ем жасадым. Бұл ем әйелдің үш айлық жүктілік ке­зінде жүргізіледі. Дұға 7 мәрте оқылып, 40 түйір қантқа дем салынады. Алланың құдіре­тімен сонда құрсақтағы шарана ұл болады. Бірақ Бибіханды дә­рі­гер­лер тек­сергенде құрсағындағы шарананың ұл не қыз екенін ажырата алмаған. Содан ойларына күдік келмей ме? Тіпті келін босанғанда інім сенбей, акушер қыздарды анығын біліп келуге қайта-қайта жұмсады. Жұртты шулатқан сол Айдос бүгінде азамат болды, медициналық учи­лищенің студенті.

Осы дұғаның қасиетін көптеген әйелдер көрді, шаңыраққа ие болатын ұл балалар өмірге келді.

– Кейбір кеселдерде шипаны нау­­қас дәрігерден емес, емшіден тауып жа­тады. Осының себебі неде деп ойлайсыз? Ал сіздің тә­жі­ри­бе­ңізде осындай оқиға  болды ма?

– Батыстың дәрі-дәр­мектері адам органдары мен жүйкелеріндегі аурудың, өз­герістердің себебін емес, салдарын емдейді. Қан тамырларына да қатысты дәл осындай жағдай. Мысалы, Батыс медицинасы қысым дең­гейін жасанды түрде төмен түсіреді немесе жоғары көтереді. Дәрінің әсері біткен кезде бәрі баз-баяғы қалпына келеді. Ал халық медицинасында Алланың құді­ретімен, тылсым күштер  арқылы зиянды әсерлер жо­йылады. Қасиетті Құран аяттарының күші­мен емдеу ме­нің тәжірибемде өте көп болды. Жас балалар, үлкен кісі­лер емха­нада жатса да ыс­тық­тары түс­пей, жаралары жазылмай келіп жатады. Бар болғаны жеті күн дем са­ламын, ауру өз-өзінен жоқ болып­ кетеді. Ақы­ры мұн­дай науқастарды дәрі­герлер маған өздері жіберетін болды. Науқастың диагнозы анықталмағанда дәрігерлермен қоян-қолтық жұмыс атқа­рамыз.

– Сізді іздегендер қалай табады?­

– Маған 8-701-122-99-31, 8-777-452-19-36 нөмірлі телефондар арқылы хабарласуға болады.

Сұхбаттасқан – Р. ОРДАБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 Unknown 01.08.2017 08:24
Coл қимаяйсаадатыңм ен қызды "ұл" қылғандарың бармағын тістеп жүр. Гей, голубойларға айналып кеткендер бар екен.
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру