Өзбекстанда Ислам Кәрімовтің үлкен қызы тұтқындалды

31.07.2017
Қаралды: 346

Өзбекстанның экс-президентінің қызы Гүлнәр Кәрімоваға Қылмыстық Кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды деп хабарлайды 

Бас Прокуратураның ұйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес басқармасына сілтеме жасаған «РИА Новости».

Кәрімоваға алаяқтық, кеден заңнамасын бұзу, шетелдік валютаны жасыру, сауда және қызмет көрсету ережесін бұзу ісі, жалған құжаттар мен кірістерді заңсыз, қылмыстық жолмен алды деген  айыптар тағылуда.­

Бас Прокуратураның мәліметінше, үш компанияның салық төлеуден жалтару қылмыстық ісі тексерілген, Кәрімованың олардың қылмысына қатысы болуы мүмкін.

Сондай-ақ Ташкенттен бірнеше елдерге, соның ішінде Ресейге «Кәрімовамен байланысы бар қылмыстық топты» құрықтау жөнінде өтініш түскен.

«Тергеу материалдары бойынша 12 шетел аумағында ұйымдасқан қылмыстық топтың 1,394 миллиард доллар, 63,5 миллион евро, 27,1 миллион фунт және 18,5 миллион франк заңсыз активтері анықталған», – делінген хабарламада.

Құқық қорғау ұйымдары Швейцариядан 777,8 миллион доллар және Колони қаласынан құны 18,5 миллион франк тұратын вилланы тапқан.

Қылмыстық топтың Франция, Гонконг, Швеция, Ұлыбритания, Латвия,­ Ирландия, БАӘ, Мальта мен Испанияда жеке мүліктері анықталған.­

Ресейде өзбек тергеушілері 6 миллион долларлық активтер мен «Камелот» кешенінен пентхаус, «Рублевка» массивінде зәулім үй мен  Мәскеуден 8 пәтер, қонақүй кешені, тұрғын үй мен Ялтада құны 2 миллион доллар тұратын учаскелері бар екенін анықтаған.

Nur.kz

Пікір қалдыру

1000 символ