Аудан әкімінің орынбасары сорлап қалды

31.07.2017
Қаралды: 348

Қарағанды облысындағы Абай ауданы әкімінің орынбасары пара алу үстінде ұсталды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының хабарлауынша, ол 1 миллион 500 мың теңге пара алу кезінде қолға түскен.

«Одан ақша «Аумақтардың дамуы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілген құрылыс нысанының жұмыс актісіне оң баға беріліп, қабылдануы және алдағы уақытта да көрсетілетін қамқорлық үшін алынған», – деп жазылған Ұлттық бюро хабарламасында.

Аудан әкімінің орынбасары қазір қамауда отыр, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ