Ақпарат

Прокуратура қызметкері мен тергеуші ұсталды

Қаралды: 223

Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы Шымкент­ қаласында өткізген 

жедел-іздестіру шаралары барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының қызметкері мен Абай аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі 2 миллион теңге көлемінде пара алу кезінде ұстал­ғанын хабарлады. Ұсталғандар салық төлеуден жалтарған ЖШС басшылығын жауап­кершілікке тартпау үшін пара алған.

Аталған факт ҚР ҚК 366-бабы 3-тармағында көз­делген қылмыс құрамына сәйкес (адамдар тобының алдын-ала сөз байласу арқылы пара алуы) Біріңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде тіркелді.

Ұсталған прокуратура қызметкері Шымкент қа­ласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Baq.kz

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру