Ақпарат

Тамаққа тойып алып суға түскен қауіпті

Қаралды: 228

Бүгінде жұрттың көбі жазғы демалысын саялы, өзен-көлді жерлерде ұйымдастырып жүргені белгілі. 

Өйткені ыстықта күн көзіне және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға өте жайлы әсер етеді. Дегенмен судың осындай рахатынан бөлек, одан келетін қауіп те жоқ емес. Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін сақтамауы орны толмас қайғы мен өкінішке соқтырып жататыны да бар. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау  үшін қауіпсіздік ережелерін есте сақтаған жөн

1. Суда шомылудың мынадай қауіпсіздік шараларын ұмытпаңыз:

Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды, судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажай­ларда шомылыңыздар.  Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып, қалтырауға дейін жеткізбеңіз.  Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз. Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.  Техникалық ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыз.

   2.  Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда  шомылудың қауіптері мынадай:

Мұндай суларда шомылудың қаупі мол. Себебі онда инфекциялық ауру қоздырғыштары болуы әбден мүмкін. Мұндай жұқпалар, мысалы, іш сүзегінікі ағын суда 183 тәулікке дейін, дизентериянікі 12 – 92 тәулікке, обанікі 4 – 92 тәулікке, туляремиянікі 7 – 31 тәулікке, бруцеллездікі 4 – 45 тәулікке дейін өмір сүреді.

 3.  Суық судың қауіптілігін де қаперде ұстаңыз.

Суық суға түсіп кеткен адам  10 – 30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс   болады. 5 – 7 градус суық 2-ші дәрежелі гипотерамия пайда болады. Ал 5 –15 минут қимылсыздық   суықтан талуға (шок) және өлімге апарып соғады. Зардап шегуші суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады.  Ағзаның жалпы салқындауы қатты шаршағанда, ашыққанда, мас  күйінде тезірек болады.

4. Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек былай көрсетіледі:

Оттегі жетімсіздігін қолдан тыныс алдыру тәсілін қолдану арқылы мүмкіндігінше  тездетіп жойыңыздар.  Қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін  беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғарғы жағын және асқазанын судан босату керек. Аузын азу тістерінің  әр жағынан саусақпен қармай немесе қол орамалмен не дәке оралған пышақ жүзімен, шай­ қасықтың сабымен немесе жалпақ темір заттпен ашу керек.­

...Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын ұмытпай есте сақтау!

А. ТӨЛЕБАЕВА,

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру