Ақпарат

Ауылда су-электр станциясы салынды

Қаралды: 119

Сайрам ауданының Манкент ауылында шағын су-электр станциясы салынды. Оның ашылу салтанаты болып өтті, лентасын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қиды.

Манкент су-электр станциясын салуға 855 миллион 700 мың теңге қаржы жұмсалған. Қажетті құрал-жабдықтар Қытайдан жеткізіліпті. Ол 2,5 мегаватт электр қуатын өндіретін болады.

...Жалпы, ауылды жерде мұндай шағын су-электр станциясының салынуы бірінші кезекте сол елді мекеннің тұрғындарын қуантатыны түсінікті. Сондықтан Манкент ауылы әкімдігіне хабарластық.

«Біздің ауылда қазіргі күндері 32 мың тұрғын бар, – дейді ауыл әкімінің орынбасары Жүрат Мақсудов. – Халық саны жыл сайын артып отыр. Соған орай электр қуатын тұтынушылар қатары да көбейе түсуде. Сондықтан ауылда шағын су-электр станциясының салынғанына баршамыз қуаныштымыз. Станция ауылды электр қуатымен қамтитын болады. Сонымен қатар қазір ол бірнеше тұрғынымызға жұмыс тауып беріп отыр».

Бұл нысанды салуға бұрын колхоздың жерін суландыру үшін тартылған канал бойы таңдалып алыныпты. Өйткені каналдың осы тұсы еңіс, су ағыны қатты. Ал құрылыс жұмыстары 2015-жылы басталған екен.

Канал суының күшін пайдалану арқылы электр қуатын өндіретін бұл шағын нысан енді көп ұзамай өзінің алғашқы өнімін бере бастамақ.­

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру