Монғол Президенті резиденцияда тұрудан бас тартты

25.07.2017
Қаралды: 276

Монғолияның жаңа Президенті Халтмагийн Баттулга Президент резиденциясында тұрудан бас тартты. Бұл ғимаратта соңғы 63 жыл бойы Монғолияның Президенттері тұрып, жұмыс істеп келген болатын.

Монғолдың жаңа Президенті ел астанасы – Ұланбатырдағы ор­талық­ почта ғимаратына қарама-қарсы жердегі екі қабатты үйде тұруды шешті. Ол кезінде Монғолияның әйгілі мемлекет және қоғам қайраткері, маршал Х.Чойболсанның қысқы пәтері болған. Яғни бұл дербес үй 1947-жылы маршалға арнап салынған, «Маршалдың үйі» деп аталған екен. Соңғы рет онда Монғолияны кеңестік кезеңде басқарған Ю.Цеден­бал тұрған. Ал бұл ғимарат Президент резиденциясынан 300 метрдей жерде, Монғолияның жаңа Президенті жұмысына осы жерден жаяу қатынамақ.

«Маршалдың үйі» екі люкс-бөлмеден, бір жартылай люкс-бөлмеден және қонақ күтетін бөлмеден тұрады. Сондай-ақ онда 50 адамға арналған дәмхана бар. Бұл үйді Монғолияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі күзетеді, оған қонақтарды әбден тексеріп барып кіргізеді.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ