Ақпарат

47 жыл қинаған жарадан құтқарды

Қаралды: 312

Менің жасым 81-де. Ұлымды – ұяға, қызымды – қияға қондырған, ендігі жерде немерелерімнің, шөберелерімнің қызығын көрсем деп армандап жүрген бақытты қария­лардың  бірімін. 

Иә, Алла-тағала өмір берді, перзент берді. Өзіме тиісті ризықты  нәсіп етті, ризамын!

Дегенмен мені 47 жыл бойы бір жағдай қатты мазалап келді. Ол денеме шыққан жаралар (псoриаз) еді. Ұл перзенттерім, кейін немерелерім мұрындық болып, әр жерге – дәрігерлерге, емшілерге қаралдым. Әйтсе де ешқандай нәтиже болмады. Керісінше, дерттің зардабы көңіл-күйіме, жүйкеме әсер етіп, түні бойы көз ілмей шығатынмын. Көзім ілініп, ұйықтап кеткен кезімде қышынып, жараларды қасып, қанатып та жіберетінмін. Ертеңіне оянып қарасам, үсті-басыма, көрпе-төсекке қан тигенін байқайтынмын. Көңіл-күйім жақсы, бала-шағамның бақытты ғұмыр кешкенін көріп тәубешілік еткеніммен денемдегі көп жылдар бойы күні-түні мазалап, жай таптырмай жүрген жара жазылса екен деген тілегім бар болатын. Бірақ ол кесел 47 жыл бойы мазалаған соң үмітім үзілуге таяу еді.

Өткен жылдың жаз айларының бірінде немерем Диас үйге «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетін   алып келген. Осы газетте псориаз бен витилиго ауруларынан емдейтін Жусан емші (Асан Бердібаев) туралы мақала жария­ланған екен. Не керек, үй ішімізбен ақылдасып, мен Жусан емшінің қабылдауына бардым.

Жусан емшінің ем-домын ала бастағаннан кейін екі ай өткенде үстімдегі жаралардың біразы кете бастады. Тағы үш айдай ем қабылдаған соң өзімді 47 жыл бойы әбіржітіп, қинаған жаралардан түгел айықтым. Қазір жарадан із де жоқ, 8 айдан бері ұйқым да жақсы, көңілім көтеріңкі.

Мен қарапайым ғана жұмысшы болып істеп, зейнет­керлікке шыққан адаммын. Екі сөздің басын құрап мақала жазып, газеттерге жолдап көрген жан емеспін. Дегенмен де Асан Бердібаевқа деген ризалық алғысымды хатпен жеткізуді жөн көрдім. Сөйтіп үй ішімізбен кеңесе отырып, осы хатты жаздық. Біздің Жусан емшіге  айтар алғысымыз шексіз!

Әбдіманап ОМАРОВ.

Алматы қаласы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 Серік 24.07.2017 16:30
Жусан емшінің координаттарын бермедіңдер ғой!
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру