Ақпарат

«Ордабасы» командасы 502 миллион теңгеге сатылды

Қаралды: 191

Бүгіндері халықаралық деңгейдегі футбол турнирлеріне де қатысып жүрген еліміздегі белді футбол командаларының бірі – Шымкенттің «Ордабасы» клубы ақыры жеке меншікке сатылды. 

Оның мемлекет меншігінен шығарылатыны жөнінде соңғы бірер жылдан бері айтылып жүргені белгілі.

Бұл іске қатысты сату – сатып алу тәртібі электрондық жүйеде өтті. Оның бастапқы бағасы 248 миллион теңге деп көрсетілген болатын. Жаңа иесі оны екі еседен сәл асатын бағаға, 502 миллион теңгеге сатып алған.

Бұған дейін сатып алуға ниеттенушілер қатарында бір жеке адамның және екі заңды тұлғаның («Намыс» спорт орталығы мен «БИИК» спорт сервис» мекемесі) аттары аталып келген еді. Осылардың қайсысының бағы жанғаны әзірге ресми түрде айтыл­ған жоқ. Ол тиісті келісім-шарт толығымен жасалып біткесін белгілі болмақ.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру