Ақпарат

Қытайдағы полиция бөлімінде қазақ азаматы қаза болды

Қаралды: 530

Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі полиция бөлімінде Ахмет есімді қазақ азаматы қаза болды. Шетелдік ақпарат көздерінің хабарлауынша, 

ол кісі дін саласында қызмет істеген, имам болған. Әзірге ол асылып қайтыс болған деп айтылуда, оның не үшін қамалғаны да белгісіз. Ал оқиға ол абақтыға қамалғасын екі-үш күн ішінде болған көрінеді.

Бүгінде марқұмның бұл жөнінде бір-біріне интернет арқылы хабарлаған 100 шақты достарын полиция қамауға алып, тергеп жатыр екен.

Бұл оқиға туралы тиісті дерек көз­деріне сүйене отырып, «Нұр.кз» сайты жария­лады.

Ақпарат құралының хабарлауынша, Қытайда дінге қатысы бар қазақтарды қамау, соттау бұған дейін де болып келген екен. Мысалы, Оқан есімді имам қайтыс­ болған адамды діни рәсіммен жерлеуді жүргізгені үшін он жылға сот­талыпты. Тағы да бір жігіт діни мағы­нада ән жазып, әлеуметтік желі арқылы бауырына­ жолдағаны үшін 8 жылға сотталған екен.

Сондай-ақ дерек көзінің хабарлауын­ша, Қытай билігі мұсылман әйелдерге етегі ұзын белдемше киюге де тиым салатынға ұқсайды. Мысалы, Гүлжайна деген 52 жастағы әйелді етегі келте белдемше киюден бас тартқаны үшін арнайы тәрбиелеу орталығына жіберіпті. Бұл елде осындай өрескел талапқа бағынбаған кез келген мұсылманды арнайы тәрбиелеу орталығында 15 күннен 1 жыл­ға дейін ұстайтын көрінеді.

Қытайда уағыз айтпақ түгілі діни рәсім орындағанның өзі заң бұзушылық саналатыны туралы соңғы кездері жиі айтылып жүр. Ал ел билігі мұны діни экстремизмге қарсы күрес шарасы деп түсіндіруде екен.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру