Ақпарат

Түлкібаста тындырылған тірлік көп

Қаралды: 428

Түлкібастық кәсіпкерлер жыл басынан бері 8,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық аймақтық ком­муникациялар қызметінде мемлекет басшысы 

Н.На­зарбаевтың «Қазақ­станның 3-ші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының Түлкібас ауданында атқарылуы бо­йын­­ша өткізілген баспасөз мәсли­хатында аудан басшысы Нұрбол Тұрашбеков хабарлады.

Мәліметке сәйкес, ауданның әлеу­меттік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында ауданда 1 ірі, 7 орта, 23 кіші және 8 қосалқы – барлығы 39 кәсіпорын жыл басынан бері 8629,5 миллион теңгенің өнімін өндірген.

«Ауданда кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 17 мың 344 адам­ға жетіп, бизнесмендер саны 106 адамға немесе 100,6 пайызға өсіп отыр.

Жалпы, кәсіпкерлік саласында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6520 бірлікті құрап отар. Аудандағы 4 шағын­ несие ұйымы арқылы 2712 жеке азаматқа 1237,2 миллион теңге несие берілді», – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.

Ауданда кәсіпкерлік кең қанат жаюы үшін, яғни бизнес ортаны тү­бегейлі жақсарту және кеңейту ая­сында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіп­кер­лікті дамыту» бағ­дарламасының барлық­ бағыты бойын­ша тиісті жұ­мыстар атқары­лып, нәтижесінде бел­сенді түрде 235 азамат оқуға жолданса, 34 азаматқа 81,2 миллион теңге шағын несие берілген. Сондай-ақ бағдарламаның 3-ші бағыты аясында 961 адам жұмыспен қамтылды.­

Жолдауда айтылған әрбір ба­сымдыққа жеке-жеке тоқталған аудан басшысы кәсіпкерлікті дамытуда мемлекет – жеке меншік серіктес­тігін дамыту жұ­мыстарының барысын да баяндады,

Мәселен, жыл соңына дейін осы бағытта Ақбиік ауылында 100 орындық балалбақша ел игілігіне берілмек және мұндай игі жұмыстар одан әрі жалғасатын бола­ды. Осы көрсеткіш­тердің нәтижесінде мектепке дейінгі бала­ларды бала­бақшамен қамту ісі ауданда 92,6 пайыз­ды құрап отыр.

О. КӨМЕКОВ.

Түлкібас ауданы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру