Ақпарат

Нұржан Полатов қызметінен босатылды

Қаралды: 209

Биылғы мамыр айынан бері басы дауда жүрген Нұржан Полатов ақыры қызметінен босатылды. 

Осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы басқармасында қызмет істеп келген бұл азаматты өткен 6-мамырда Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің өкілдері жол ережесін бұзған кезде ұстағаны белгілі. Оған көлікті масаң күйде жүргізген және бағдаршамның қозғалысқа тиым салатын көзі жанғанда тоқтамай өткен деген айып таққан болатын. Мұның соңы соттағы айтыс-тартысқа ұласып, ақырында сот Н.Полатовты жүргізушілік құқынан 3 жылға айыруға шешім шығарған еді.

Кешегі аптада облыс прокуратурасы Н.Полатовтың мәселесін тәртіптік кеңесте қарады, кейін облыс прокуроры И.Имановтың оны қызметінен босату жөніндегі бұйрығы шықты.

Осымен екі айға созылған дау-дамайға нүкте қойылған сияқты.­

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру