Ақпарат

Ілияс Құрамысов – басқарма басшысы

Қаралды: 70

Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметті Ілияс Құрамысов атқаратын болды.

Ілияс Шойбекұлы Құрамысов 1984-жылы өмірге келген. Жоғары оқу орындарын құқықтану, есеп және аудит мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында бастаған. Облыстағы Сарыағаш ауданының, Шымкент қаласының, Алматы, Павлодар облыстарының, Астана қаласының прокуратураларында, Бас Прокуратурада жауапты қызметтер атқарған. 2016-жылдың желтоқсан айынан бері облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі және төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру