Ақпарат

Ғизат Нұрдәулетов – Бас Прокурордың бірінші орынбасары

Қаралды: 57

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов еңбек жолын Алматы облысының Жамбыл аудандық прокуратурасында тергеуші болып бастаған. Мемлекеттік Тергеу комитетінде жауапты қызмет атқарған. 1997-жылдан бері Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде еңбек етіп келеді. ҰҚК Алматы қалалық, Алматы облыстық департаменттерінің, Тергеу департаментінің бастығы болған. 2016-жылғы қараша айынан бері Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы қызметін атқарып келді.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру