Ақпарат

Қыз-келіншектерге көмектесетін Гүлшары

Қаралды: 1114

Бұл емшіні қыз-келіншектер ерекше жақсы көреді. Өйткені ол – мұңға түсіп, қайғыға батып, өмірден түңілген, үміті үзілген әпке-сіңлілерінің жүрегіндегі жараны емдеп жазатын жан. 

Яғни рухани сауықтырушы. Онымен аз уақыт сөйлескен адамның көзінде – бақыт, жүзінде – нұр ойнап шыға келеді. Жаңа ғана салы суға кетіп тұрған адамның заматта өзгеріп, өмірге деген құлшынысы оянатынына өзіміз де көзбе-көз куә болдық.

Жаман әдеттен қырық күнде құтқарыпты

«Менің ұлым кенеттен араққа құмартып шыға келді. Жұрт ораза айында ішіп-жемнен тиылып жатқан уақытта да оның аузы арақтан босамады. Ұяттан бір өртенсем, уайымнан тірідей өлдім. Тәп-тәуір жүрген ұлдың неге бірден мұндай күйге түскенін біле алмай қой­дық. Ол болса да еш­кімге ешнәрсені ашып айтпайды. Баламды наркологқа да, арақ қойдырады деген молда-тәуіптерге де апардық. Сыртынан суретпен оқып беремін деген бір-екі орыс «бабкалар­ға» да алдандық. Күдерімізді үзе бастағанда Гүлшары жайлы естіп қалдым. Ол тек қыз-келін­шектерге кө­мек­теседі екен. Бір қызығы, азаматы араққа салынса, оның әйелі, әпкесі, анасы хабарласуы керек деседі. Сенгім келмеген. Бірақ оның бір қабылдауынан кейін-ақ талай қыздың өмірлік жарын тауып, ажырасқалы тұрған от­­басының ынтымағы жарасқанын ес­тідім.

Не керек, мен де Гүлшарыға хабарластым. Өзім Тараз қаласында тұрамын. Шымкентке бара алмайтынымды айттым. Жарты сағатқа жуық әңгімеде Гүлшары Сағымбаева баламның не себепті мұндай күйге түскенін айтып, бұл ке­дергіні жоятын жолды көр­сетті. Өзіме күн­делікті оқып жүретін дұғаларды айтты. О тоба, осыдан он төрт күннен кейін шынында да балам арақты азайта бастады. Ал қырқыншы күн дегенде мүлде қойып кетті. Осының бәрін Гүлшары емші тек телефонда ғана айтып берді емес пе?  Бірақ ол маған әлгі дұғаларды күнделікті оқып жүр деген.

Гүлшары қызыма деген ризашылығымды өзін арнайы із­деп барып, аналық ақ батамды бере отырып айт­қым келеді. Бұйыртса, шілде аяқталған соң Шымкентке барамын», – дейді Нұрғаным Қойшыбаева.

Жәрдеміне шетелдіктер де жүгінеді

Жалпы, Гүлшары жайлы мұндай жылы лебізді біз жиі естиміз. Одан көмек сұрап Германия, Ресей, Қыр­ғызстан, Моңғолиядан адамдар скайп арқылы хабарласып жататынын ес­титінбіз. Жақында Украинаның Днепропетровск қа­ласынан Наталья Страсбургер есімді ке­ліншектің де (суретте) осы емшінің көмегіне жүгінгенінен хабардар болдық. Біз әлеу­меттік желі ар­қылы Натальяға хабарласып, осы жөнінде сұрадық.

«Гүлшары жайлы Қазақстанда, Алматы қаласында тұратын құрбымнан естідім. Отбасылық қиындықтардың себебін тап басып айтып, дұрыс шешілу жолын көр­сетеді дегені рас екен. Менің бір ұлым бар. Ержетіп қалды. Жақында 14 жас­қа толады. Күйеуім­мен екі ай бұрын ажырасып кеттік. Себебін түсіне алма­дым. Бір-ақ күнде: «Мен кетемін», – деді де, заттарын түгел жинап, кетіп қалды. Бұл жай ұлымыз екеу­мізге ауыр тиді. Тіпті өмірден түңілдім. Гүлшарыға хабарласып едім, оның өзге адамның ықпалында кеткенін айтып, жолымның ашылып, отбасы бақыты қайта қалпына келуі үшін не істеуім керегін түсіндірді.

Гүлшары сондай ашық мінезді, жү­регі­ нәзік, көреген адам екен. Қандай қиындық болса да сабырмен қасқая қарсы алып, Алладан жәрдем сұрап, сынаққа төзімділікпен шыдау керегін ұқ­тырды. Психолог ретінде жұбата сөйлеп, жанымның сыздаған жарасын емдеп жазды. Менің дінім басқа болса­ да ол маған дем салды. Көп ұзамай күйеуім қайтадан отбасына оралды.

Біздің елде де емшілер көп. Олар уәдені үйіп-төк­кенімен, іс-әрекеттері тым қымбат, әрі бағасына сай емес. Мен Гүлшарыға өте ризамын», – деді бізге Наталья.

Талай шаңырақты күйреуден құтқарған екен

Емделушілері қанша ри­за болып, мақтағанымен Гүлшары емші қарапайым да сабырлы қалпынан өзгерген емес. Жымиып қойып, жылы сөзі мен кеңесін айтудан жалықпайды.

«Бүгінде адамдардың кө­бінің жүйкесі жұқарған. Қиындыққа қарсы күресу орнына екі күннің бірінде: «Болды, бәрі бітті. Шаршадым! Ажырасамын», – деп жұлқынып жетіп келіп тұрған келіншектер. Қа­зір осылай 59 келіншекті сабыға шақырып, ажырасудан аман алып қалып отырмын. Бұл қиыншылықтың уақытша екенін айтудан жалыққан емеспі.. Оларды да түсінемін. Қазір еркек пен әйелдің мін­деті түгел нәзік жандылардың мойнына жүктеліп тұрған заман. Бала-шағаның қамы мен жауап­кершілігі, уайымы тағы бар. Мұндайда арқа сүйеп, ақылдасайын десе, азаматы жәрдем болудың орнына араққа салынып, не болмаса жеңіл жүріске түсіп кетіп жата­ды. Осының барлығында да әңгімелесе отырып, мәсе­лені дұрыс шешу жолдарын анықтаймын. Байқайтыным, мұн­дай мәселелер көбіне адамға генетикалық код, яғни атадан балаға берілу арқылы келеді екен. Ондай жағдайда мен Құ­­ран сүре­лері мен аяттары арқылы жол ашамын, дем саламын. Менің қасиетім де, құралым да – Құран», – дейді емші.

Тағы да ескерте кете­йік, рухани сауықтырушы Гүлшары Сағымбаева тек қыз-келіншектерді ғана қабылдайды. Оған негізі­нен отбасылық қиындық, жалғыздықтан арылу, күй­зеліс, балалы болу, денсаулықты түзеу немесе диагнозды анықтау, тіл-көзді кетіру сияқты мәселелермен хабарласып жатады.

Жақында Гүлшары Ресейге шақырту алыпты. Ол жақтан шілде айының аяғында келеді екен. Әзірге бұл сапарының құпи­я­сын ашқан жоқ. Бірақ ол жақта да өзінен жәрдем күткен жандарға қол ұшын созатыны анық.

Р. ОРДАБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #3 Динара 20.07.2017 06:19
Аитыныздаршы бул кысыны калаи тапсак болады отыныш
Дәйек алу
 
 
0 #2 Маншук 18.07.2017 14:13
адресин калай билуге болады
Дәйек алу
 
 
0 #1 Қалжан 18.07.2017 09:02
Құрметті рредакция ұжымы. Сəлематсыздар ма? Мен атыраудан хабарласып отырмын. Емші гүлшара туралы естідім. Бірақ қалай тілдеу керектігін біле алмадым. Гүлшарамен қалай хабарласуға болады. Телефон номерін бере алмайсыздар ма? Өтініп сұраймын көмектесіп жіберіңдерші.
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру