Ақпарат

Көңілді отбасылар сайысы болып өтті

Қаралды: 416

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының биылғы 29-нау­рыздағы бағдарламасы спорттық ойындар арқылы корпоративтік рухты арттыруға бағытталған. 

Осыған және Астана күніне орай таяуда қадағалау органы қызметкерлері және олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен «Көңілді отбасылар сайысы» ұйымдастырылды.

Спорттың бірнеше түрінен ұйымдастырылған бұл сайысқа прокурорлардың 7 отбасы мүшелері қатысып, өз бақтарын сынады.

Жеңімпаздар қатарынан Қаратау, Абай және әл-Фараби аудандарының прокуратуралары көрінді.

Ал көрермендер көзайымы» номинациясымен Дүйсенбаевтардың «Доп» командасы марапатталды.

Бұл шара қадағалау органы өкілдері арасында спортты кеңінен насихаттап, корпоративті рухты арттыру және саламатты өмір салтын орнықтыру мақсатында ұйымдастырылды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық

прокуратурасының баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру