Ақпарат

Біз 18 миллионнан астық

Қаралды: 175

Еліміздің халық саны 18 миллион адамнан асты. Статистика агенттігінің мәліметінше, өткен 1-маусымда Қазақстан халқының жалпы саны 18 миллион 14 мың адамды құраған.

Ал еліміздің 18-миллионыншы тұрғыны өткен 11-мамырда Алматы облысында өмірге келген екен. Мұны мамандар арада екі ай шамасы уақыт өткенде анықтап отыр.

Талдықорғандық Бестібаевтар отбасында туылған қыз балаға  Мүслима деген ат қойылыпты. Сәбидің ата-анасы Самат Бестібаев пен  Диана Омарханова – мектеп мұғалімдері.

Бұл – жас отбасының екінші перзенті.  Мүслиманың алдында Сұлтан есімді ағасы бар. Кішкентай Мүслима шаңыраққа шаттықты қос-қосынан әкелді десек болады. Ол өмірге аман-есен келіп бір қуантса, әке-шешесін 3 бөлмелі пәтердің иесі етіп екі қуантып отыр.

Бестібаевтар отбасында болып, құттықтаған, өзінің ізгі тілектерін білдірген облыс әкімі Амандық Баталов сәбиге бесік, төсек, қоларба, ойыншықтарды сыйға тартты. Онымен қоса бұл отбасыға жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйден үш бөлмелі пәтер берілетінін айтты. «Үй дайын болғасын екінші-үшінші қабаттардың бірінен өздеріңіз таңдап аласыздар», – деді облыс әкімі.

...Еліміздің барлық аумақтарында осындай жарқын жаңалықтар көбейе бергей дейміз.

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру