Ақпарат

Нұржан Полатовқа қатысты сот қаулысы шықты

Қаралды: 217

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Нұржан Полатовқа қатысты орын алған жай жөнінде біз газетіміздің өткен нөмірінде жариялағанбыз. 

Яғни оны Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің өкілдері жол ережесін бұзу үстінде ұстап, әкімшілік хаттама толтырған болатын. Кейін Полатов сотқа шағымданып, хаттаманың күші жойылған еді, алайда бұған қатысты прокуратураның өзі наразылық келтіріп,  хат­таманың күші қалпына келтірілген болатын. Мәселе соңы облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына барып тірелгені белгілі. Ал кешегі аптада аталған оқиғаға қатысты сот қаулысы шықты.

Сот Н.Полатовты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 608-ші бабы (көлікті масаң күйде жүргізу немесе оны масаң күйдегі адамның басқаруына тапсыру) бойынша кінәлі деп тапты. Сөйтіп оны 3 жылға көлік жүргізу құқынан айыруға қаулы шығарды.

Ал облыстық прокуратурада Н.Полатов­қа қатысты қызметтік тексеру басталған болатын. Ол сот қаулысы заңды күшіне енгенге дейін уақытша тоқтатылды. Қызметтік тексеру нәтижелері шыққаннан кейін Н.Полатовқа тиісті шара қолданылары сөзсіз.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру