Ерғали Білісбеков –мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы

04.07.2017
Қаралды: 293

Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың өкімімен Ерғали Білісбеков облыс­тық мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Ерғали Дәулетбекұлы Білісбеков 1961-жылы туылған. Мамандығы –  экономист, құрылысшы. Еңбек жолын Шымкенттегі «Казгалантерейторг» базасында қатардағы жұмысшы болып бастаған. Кейін бірқатар бизнес құрылымдарда жауапты қызметтер атқарған. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болған, ҚР Премьер-минстрі Кеңсесінің бөлімінде бас  инспектор болып жұмыс істеген. 2014-жылдың желтоқсан айынан бері Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылар құқын қорғау департаментін басқарып келді.

Н. ӘБДІ

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!