Ақпарат

Жанболат Туғанбаев – облыс прокурорының орынбасары

Қаралды: 96

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Жанболат Туғанбаев Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

Жанболат Сейдахметұлы Туғанбаев 1978-жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданында туылған. 1999-жылы А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Ж.Туғанбаев еңбек жолын Тараз қаласы прокуроры көмекшісінің орынбасары болып бастаған. Жамбыл облысы прокуратурасында жауапты қызметтер атқарған, осы облыстағы Жамбыл ауданының прокуроры, сосын Оңтүстік Қазақстан облысында табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры болған. Кейін ҚР Бас Прокуратурасының сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету департаментінің бөлім бастығы, Бас Прокуратураның өтініштерді қарау туралы заңдардың қолданылуын қадағалау және іс жүргізу бойынша басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

Н. ӘБДІ

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру