Ақпарат

«УЗИ-апай» атанған Балапан емші

Қаралды: 1566

Бұл кісіні жұртшылық «Сканер апай», «УЗИ апай» деп атайды. Ал емделушілер: «Онымен сөйлессең бітті, дертіңнен айығып кеткендей боласың», – деп жатады.

 Ол – «Құрметті кәсіби халық емшісі» атағының иегері Балапан Иярова (суретте). Бізге таяуда жұртылық құрметтейтін осы Балапан емшімен сұхбаттас болудың сәті түсті.

Балалы болғысы келетіндерге көмектеседі

«Бүгінде жүйкелеген, өмірден тү­ңілген, шаршаған адам көп, – дейді Балапан Минашқызы. – Мұның бәрі жүйкеге, сосын жүрекке салмақ түсіреді. Түрлі уайымын ішіне бүккен адам ауыр бір зат арқалап жүргендей болып, еңсесін көтере алмайды. Дәрігерлерді неге «Сөзімен-ақ емдеп жазды» деп жатады? Бұл халық медицинасын ту еткен біздерге де тікелей қатысты. Адамның өзіне деген сенімділігін, ауруды да, қиындықты да жеңетінін айтып, жігерін қайрап, үмітін ояту маңызды. Сонда онда өмірге деген құлшыныс пайда болады. Сонымен қатар жүйкесі тынышталып, күйзеліс, стресс жойылады. Ғалымдар да аурудың белгілі бір пайызы жүйке жұқарғаннан болатынын дәлелдеді емес пе?

Менің де мұңайып, көңіліне шер толып келген жанның жүрегіне шуақ сыйлағым келеді. Бірақ сөйлесе отырып оның қимыл-қозғалысына, көз жанарына, терісінің түсіне қарап-ақ қай жері ауыратынын сезіп-біліп отырамын. Тамыр ұстау арқылы бұл «болжамымды» нақтылаған соң қо­лымнан келгенше көмек бе­ремін».

Ғылымда айтпағыңды ау­зыңды ашпай жатып сезіп, ауруыңды аппаратсыз-ақ біліп қоятын адамдарды космо-биоэнергетик деп атайды. Балапан Минашқызы да осындай қасиет иесі. Жиырма жылдық тәжі­рибесінде ол «Арқалы емші», «Жыл емшісі», «Элита» секілді түрлі марапаттың иегері атан­ған. Дегенмен ол үнемі: «Мен емші боламын деген жоқпын. Мені емші қылған – халық», – деп отырады. Өзін халыққа қызмет етуші адам санайды. Ал халыққа, яғни емде­лушілеріне нақ­ты қандай қызмет көрсетеді, соған тоқталайық.

«Мен бақытты әжемін. Өйткені Қазақстанның түкпір-түкпірінде ұлдарым мен қыздарым көп, – деп күледі Балапан Минашқызы. – Қайбір жылы Ақтөбеден Наурыз және Асылзат деген ерлі-зайыптылар келген. Екеуінің де денсаулығы жақсы, анализдері таза, бірақ тоғыз жылдан бері қанша емделсе де перзентті бола алмапты.  Құран ашқанда мен олардың бала-шағалы бақытты отбасы бола алатынын сездім. Тамыр ұстап, бойларында отау жел – суық барын ұқтым. Мұндай кезде мен қазақ халық медицинасының ғасырлар бойы сынақтан өткен ем түрлерін пайдаланамын. Оларға да қойдың құйрық майын қыздыру арқылы массаж жасадым. Дем салдым. Күтіну жолдарын тү­сіндірдім, сенімдерін ояттым. Оншақты күн ем алған соң арада екі ай өткенде бұл шаңырақ құрсақ шашу тойын жасады.

Тап осы тәсілмен Арал қаласынан келген Алтын деген келіншек 13 жылдан соң ұлды болды. Осы сияқты алақан жылуы мен хал­қымыздың көне тәсілін дұрыс қолданудың арқасында қазір балаларым көбейді. Олардың алды мектеп бітіріп үлгерген, кейінгілері балабақшада. Жалпы, 7 –15 жылдан бері бедеулік деген диагнозбен балалы болуды армандаған жұптар­ға жәрдем беріп келемін».

От терапиясын, хиджаманы қолданады

Халық емшісін өтінде тасы, бүйрегінде тұзы барлар, бүйректің төмен түсуінен, қан қысымынан, ұйқы безінің қабынуынан мазасы кеткендер жиі із­дейді. Олардың кейбіріне Б.Иярова емдік фито-шай ішу жайлы кеңес береді. Сөйтіп қайсы шөп тұнбасы дұрыс әсер ететінін айтады. Жаны жабыр­қап, күйзеліске түскендермен психолог ретінде сөйлесіп, ойлы да ғибратты сөздермен-ақ тұңғиықтан шығарып алады. Бойды құрсаған суық пен жылдар бойы жинал­ған желкедегі тұзды (остеохондроз) от терапиясымен тәуір етсе, қан қоюлан­ғаннан болатын кеселдерді хиджама – қан алу тәсілімен ем­деп жазады. Ұшынған, шошынған, тіл-көз өткен балаларға қолданатын әдісі мүлде бөлек. Кімді қандай әдіспен емдеу керегін ауру белгі­леріне қарай анықтайды.

«Балапан апайға барар кезде мен еңсемді зіл басып тұрғандай сезінетінмін, ештеңеге қызығушылығым да, зауқым да жоқ еді. Ем қабылдамай жатып, әшейін сөйлескенде-ақ бойым сондай же­ңілдеп, бір рахат күй кештім. Cол кезде дер­тімнен жазылып кеткендей сезіндім өзімді.

Негізі Балапан апай диагнозды дәл анықтайды. 2003-жылы оған менингит деген диагноз қойылған баланы апарған екен. Жазылмайтын ауру деп ата-анасы қорқып жүрген кө­рі­неді. Баланы көре сала емші: «Бұл бала менингит емес. «Черепное давление» болуы керек, дұрыстап тек­сертіп, ем алса жазылып ке­теді, уайымдамаңыздар», – депті. Кейін осы диагноз расталып, бұл оқиға біздің емшіге деген сеніміміз бен құр­метімізді асыра түсті», – дейді оған емделушілердің бірі Сымбат Қайрошқызы.

Айта берсек, ел аузында мұн­дай мысалдар өте көп. Яғни Балапан емші –  аты да, заты да ерекше жан.

Әрине, Балапан Минашқызына емделу-емделмеу әр­кімнің өз еркі екенін де ес­теріңізге саламыз. Біз тек ел ішін­дегі ерекше қабілет  иесі туралы көпшілікке ақпарат беруді жөн көрдік. Ал халық емшісіне қояр сұрағыңыз болса, 8-702-622-19-64 нөміріне хабарласуға болады.

Д. ӨМІРБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #3 Гүппроо 06.07.2017 18:37
Апай қай жақтан екен
Дәйек алу
 
 
0 #2 Мәншүк Қайсақызы 05.07.2017 10:33
ААссалаумағалей кум'Балапан емші!Менің 4 жасар Әбдірахым атты жиен немерем бар.Қызым екеуі қолымды тұрады.НЕМЕРЕМ өте әлжуаз.бір қарәғанда сау бала сияқты.Мәпелеп бағып отырмын.ұп еткеннен акрады.қымыз алып беріп те,шөппен ле .витаминдермен де бағып отырмыз.Осы бала ға қалай ем жасаса болады?
Дәйек алу
 
 
0 #1 Жадыра 05.07.2017 08:52
Кай жакта турады Балапан апаай
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру