Ақпарат

Жер емгендер жетістікке жетуде

Қаралды: 395

Кешегі аптада облыс әкімі ЖансейітТүймебаев Арыс қаласында іс-сапарда болды. Әкім қаладағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты.

Облыс әкімі бірінші кезекте жеке кәсіпкер Р.Кенжебаевтың жылыжайында болды. 2013-жылы іске қосылған бұл жылыжай жылына   250 тонна өнім береді. Мұнда он адам жұмыс істейді, орташа есептегенде 50 мың теңгеден жалақы алады.

Аумағы 1,5 гектар жерді алып жатқан бұл жылыжай үшін өткен жылы 2 миллион 600 мың теңге субсидия бөлінген. Одан 50 тонна қызанақ, 25 тонна қияр жиналған. Биыл 2 гектар жерге қызанақ егілген, бүгінде 85 тонна қызанақ алынып отыр.

...Бұдан кейін облыс әкімі қалаға қарасты Ақдала ауылдық округіндегі «Жаңа Ақдала» ЖШС-нің (директоры Е.Әжібеков) жаңбырлатып су­арылатын жоңышқа алқабында болды.

Аумағы 2700 гектар жерді алып жатқан бұл серіктестік томат және алма пастасын шығарады. «ЮгАгроХолдинг» ЖШС-нің қаражатымен қаржыландырылады. Оның 48 тұрақты жұмысшысы бар, сонымен қатар 200 адам маусымдық жұмыспен қамтылған. 2016-жылы мұнда 300 гектар жерден 9098 тонна қызанақ жиналып, 975 тонна томат концентраты өндірілді. Сондай-ақ 170 гектар баудан 79,3 тонна өнім жиналып, 126 тонна тосап өндірілді.

Мұнда қазір 600 гектар жоңышқа жаңбырлатып суарылуда. 44 миллион 613 мың теңгеге 14 техника алынған. Жаңбырлатып суғаруда Австриядан әкелінген 7 инновациялық технология қолданылуда. Бір агрегат құны 67 мың еуроны құрайды, ол 55 гектар жерді суғарады және оған дәрі себеді.

«Жаңа Ақдала» агрофирмасы» ЖШС «ОҚО тамшылатып суару арқылы жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруді дамыту» инвестициялық жобасын 2008-жылдан бастап іске асыруда. Бұл жобаның мақсаты  – жеміс-көкөніс өнімдері кластерінің негізін қалау, халықты тиімді бағамен сапалы, экологиялық таза  отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету және елдің азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін дамытуға қатысу. 

Жобаны іске асыру шеңберінде томат пастасы концентратын өндіру үшін (тәулігіне 800-1000 тонна томат пастасы) қуаттылығы тәулігіне 600 тонна таза томаттық өнім өңдейтін зауыт салынды. Бұдан басқа өнімділігі жоғары  томатты өсіру мақсатында жер суландыру жүйесі құрылды, тамшылатып суару жүйесі енгізілді.  

Серіктестіктің балансында 2700 гектар  егістік алқабы бар, оның ішінде 170 гектар жер бау-бақша есебіне кіреді. Ол бау тамшылатып суару әдісімен өсірілді, уақыт өте өз жемісін бере бастады. Ең алғашқы алма жемісінен жасаған тәтті тосап 2015-жылы қолға алынды. Содан бері бұл жоба өз жалғасын тауып келеді.

2016-жылы серіктестік жаздағы қатты ыстық кезінде су тапшылығын жою мақсатында шлюз салды. Қазіргі таңда серіктестікте 120-ға жуық адам жұмыс істеуде. Маусым кезінде жұмысшылар саны 250 – 300 адамға дейін өседі.

2017-жылғы жоспар бойынша 400 гектар жерге қызанақ тұқымын өсіру көзделген. Серіктестіктің басшылығы 2017-жылы тағы бір шлюз жобасын дайындап,  жобаны жоспарлы түрде іске асыруда.

Серіктестік тек қызанақ және бау өнімдерін ғана емес, техникалық дақылдарды да өсіреді.

Зауыт аумағы 3 гектар жерді құрайды. Қызанақ пастасын өңдейтін зауыт Италияның «CFT» атты компаниясының «Rossі Cotelly» құрылғысымен жабдықталған. Зауыт аумағында машина-техника тұратын аймақ қарастырылған. Сонымен қоса, қазандық бөлімі де бар. Өндірілген пасталар сақталатын қойма салынған.

Қ. РЫСТЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру