Ақпарат

«Асардың» түлектері тағы да алға шықты

Қаралды: 300

Ұлттық бірыңғай тест сынақтарын тапсыру ережесіне биыл біршама өзгеріс енгізілгені белгілі. 

Мектеп түлектері алдымен міндетті төрт пән және өзі таңдаған бір пән бойынша емтихан тапсырған болатын. «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» осы емтихандардың қорытындысы бойынша берілді. Ал ҰБТ-ны түлектер үш міндетті және екі салалық пән бойынша тапсырды.

Осы ұлттық бірыңғай тест сынақтарын Шымкенттің  «Асар» мөлтекауданында орналасқан, кезінде Елбасының «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында салынған №90 орта мектеп жоғары көрсеткіштермен аяқтады. Бес жылдық тарихы бар бұл мектептің ҰБТ қорытындысы бойынша жыл сайын 1-ші орынды алып келе жатқаны белгілі. Биыл тағы да үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Мектептің ҰБТ-дан орта балы – 100 балл.

Ең жоғары нәтижені  Жанел Иса­құ­лова («Алтын белгі» иегері) көрсетіп,  135 балл жинады. Жалпы, бұл мектепте 13 оқушы «Алтын белгіге» және 9 оқушы «Үздік аттестатқа» бітіріп, жоғары нәтиже көрсетті.

Мектеп бітіруші түлектер жоғары оқу орнына түсуге биылғы жылы мүмкін­діктердің көп екенін, тіпті шет елде  білім алуға да  мүмкіндіктері бар екенін жақсы түсінді. Осындай болашағынан үміт күттірер жастарымыздың қатарының өсе түсуі бізді де ерекше үмітке жетелейді. Ерен жетістіктерге қол жеткізіп, қала, мектеп, ата-ана абыройын асқақтатқан түлектерге – ел болашағының тізгінін ұстайтын білімді де талапты жастарға еліміздің таңдаулы жоғары оқу орындарының  грантына ие болып, «Мәңгілік елдің» мәңгілік жарқын болашағын жасай беріңдер деген тілек білдіреміз.

Бөріхан ТӘМЕН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру